Ата-аналарға кеңес «Таза ауадағы ойынның балалар денсаулығын нығайтудағы рөлі» » ГККП "Ясли сад №73"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№73 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 278-29-85
Әдіскер:
+7(727) 278-28-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға кеңес «Таза ауадағы ойынның балалар денсаулығын нығайтудағы рөлі»
07
апрель
2026

Ата-аналарға кеңес «Таза ауадағы ойынның балалар денсаулығын нығайтудағы рөлі»

Ата-аналарға кеңес

«Таза ауадағы ойынның балалар денсаулығын нығайтудағы рөлі»

Баланың денсаулығы – ата-ана мен қоғам үшін ең басты құндылықтардың бірі. Баланың дені сау, сергек болып өсуінде таза ауада ойнаудың маңызы ерекше.

Таза ауадағы ойындар балалардың денесін шынықтырып, иммунитетін күшейтеді. Қимылды ойындар арқылы бала жүгіріп, секіріп, қозғалып, дене бұлшықеттерін дамытады. Сонымен қатар таза ауада серуендеу мен ойнау баланың көңіл күйін көтеріп, шаршауын азайтады.

Табиғат аясындағы ойындар:

  • баланың денсаулығын нығайтады;
  • қимыл-қозғалыс белсенділігін арттырады;
  • ептілік пен шапшаңдықты дамытады;
  • тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартады;
  • достарымен қарым-қатынас жасауға үйретеді.

Әсіресе Ақ серек – көк серек, Арқан тартыс, Асық ату сияқты ұлттық ойындар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырады.

Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың күн сайын таза ауада серуендеп, белсенді ойындар ойнауына жағдай жасаңыздар. Бірге серуенге шығып, қимылды ойындарға қатысу – бала денсаулығы мен отбасы қарым-қатынасын нығайтудың тиімді жолы.Есіңізде болсын:
Таза ауадағы ойын – денсаулық кепілі. 

Консультация для родителей

«Роль игры на свежем воздухе в укреплении здоровья детей»

Здоровье ребёнка — одна из главных ценностей семьи и общества. Важную роль в его укреплении играют игры и прогулки на свежем воздухе.

Подвижные игры на улице помогают детям укреплять иммунитет, развивать мышцы и координацию движений. Активное движение — бег, прыжки, игры с мячом — способствует физическому развитию и закаливанию организма.

Прогулки и игры на свежем воздухе также:

  • улучшают общее самочувствие ребёнка;
  • повышают физическую активность;
  • развивают ловкость, быстроту и выносливость;
  • укрепляют дыхательную систему;
  • способствуют общению со сверстниками.

Особенно полезны национальные подвижные игры, такие как Ақ серек – көк серек, Арқан тартыс, Асық ату. Они не только укрепляют здоровье, но и развивают командный дух, внимание и интерес к культурным традициям.

Уважаемые родители!
Старайтесь ежедневно организовывать прогулки на свежем воздухе, поощряйте активные игры детей. Совместные прогулки всей семьёй укрепляют не только здоровье ребёнка, но и семейные отношения.

Помните:Игры на свежем воздухе — залог здоровья и гармоничного развития ребёнка.