Ата-аналарға кеңес «Отбасылық дәстүр – бала тәрбиесінің негізі» » ГККП "Ясли сад №73"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№73 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 278-29-85
Әдіскер:
+7(727) 278-28-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға кеңес «Отбасылық дәстүр – бала тәрбиесінің негізі»
17
март
2026

Ата-аналарға кеңес «Отбасылық дәстүр – бала тәрбиесінің негізі»

Ата-аналарға кеңес
«Отбасылық дәстүр – бала тәрбиесінің негізі»
Отбасы – баланың ең алғашқы тәрбие мектебі. Бала бойындағы жақсы қасиеттер, адамгершілік пен мәдениет отбасында қалыптасады. Сондықтан отбасылық дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі маңызы ерекше.
Отбасылық дәстүрлер – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құндылықтар мен әдет-ғұрыптар. Олар отбасы мүшелерін жақындастырып, сыйластық пен бірлікті нығайтады. Дәстүрі берік отбасында өскен бала өзін қауіпсіз сезінеді, үлкендерді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға үйренеді.
Мысалы:
  • мереке күндерін бірге өткізу; 
  • дастархан басында бірге ас ішу; 
  • үлкендерге сәлем беру; 
  • туған күндер мен маңызды күндерді атап өту; 
  • ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау; 
  • бірге кітап оқу немесе серуендеу. 
Осындай қарапайым отбасылық дәстүрлер баланың бойында жауапкершілік, мейірімділік, еңбекқорлық және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырады.
Құрметті ата-аналар!
 Бала тәрбиесінде жылы қарым-қатынас пен отбасы бірлігінің рөлі зор. Баламен көбірек сөйлесіп, бірге уақыт өткізіңіздер. Отбасындағы жақсы дәстүрлер – баланың жарқын болашағының кепілі.
Есіңізде болсын:
 Отбасылық дәстүр – ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі.
Біз – дәстүрін дәріптеген, берекелі де бірлікті отбасы.
Шаңырағымыздың тірегі – ата-ана, ал бақытымыз – балаларымыз.
Отбасымызда ата-бабадан қалған асыл мұра – салт-дәстүрлер ерекше орын алады.
Үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуді біз өмірлік ұстанымымыз деп білеміз.
Әрбір мереке мен қуанышта ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, ұрпақ санасына сіңіруге тырысамыз.
Біздің ұранымыз: «Берекелі отбасы – ел болашағы!»
Бүгін біз сіздердің назарларыңызға ата-ана мен бала бірлесіп жасаған әшекей бұйымды ұсынамыз.
Бұл әшекей бұйымды жасау кезінде біз бір-бірімізді тыңдап, қолдап, ортақ еңбек етудің маңызын сезіндік. Осындай бірлескен жұмыс арқылы біз тек әдемі бұйым жасап қана қоймай, отбасылық құндылықтарды нығайттық.
Біздің жұмысымыз – «Береке бастауы – бірлік»
Бұл жұмыс – тек ұлттық нақышпен шектелмей, заманауи стиль мен әртүрлі мәдени элементтердің үйлесімінен құралған ерекше туынды. Біз бұйымды жасау барысында өз қиялымызды еркін қолдана отырып, түрлі материалдар мен түстерді үйлестірдік.
Әрбір бөлшегінде – ата-ананың тәжірибесі мен баланың шексіз қиялы бар. Осы арқылы біз шығармашылықтың шекарасы жоқ екенін және бірлескен еңбек әрдайым жақсы нәтиже беретінін көрсеткіміз келді.
Бұл әшекей – біздің отбасының ынтымағы, түсіністігі және ортақ еңбегінің белгісі.
Мы — семья, чтящая традиции, живущая в согласии и единстве.
Опора нашего дома — родители, а наше счастье — наши дети.
В нашей семье особое место занимают обычаи и традиции, переданные нам от предков.
Мы считаем своим жизненным принципом уважение к старшим и заботу о младших.
На каждом празднике и в радостные моменты мы стараемся возрождать национальные традиции и передавать их подрастающему поколению.
Наш девиз: «Благополучная семья — будущее страны!»
Сегодня мы хотим представить вашему вниманию украшение, созданное совместно родителями и ребёнком.
В процессе его изготовления мы научились слушать и поддерживать друг друга, почувствовали важность совместного труда. Благодаря этому мы не только создали красивое изделие, но и укрепили семейные ценности.
Наша работа называется «Исток благополучия — в единстве».
Это изделие — не просто отражение национального стиля, но и гармоничное сочетание современного дизайна и элементов разных культур. В процессе создания мы свободно использовали свою фантазию, комбинируя различные материалы и цвета.
В каждой детали — опыт родителей и безграничное