03
сентябрь
2020
ПАМЯТКА ДЛЯ РОДИТЕЛЕЙ
ЖАДЫНАМА
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН
БЕЙТАНЫС АДАМДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ
- Балаңыз бөтен, оның ішінде әлеуметтік желілердегі бейтаныс адамдардан қауіп сезінсе, оған «ЖОҚ» деп айтуды үйретіңіз. Сондай-ақ олардан тәттілерді, ойыншықтарды, үй жануарларын және т. б. алмауға.
- Бала үшін құпия сөзді ойлап тауып, бейтаныс адамның автокөлігіне отырмауға және құпия сөзді білмесе, онымен кетпеуге үйретіңіз.
- Балаңызға достарымен, қатарластарымен бірге жүру қауіпсіз екенін шегелеп айтып, түсіндіріңіз. Қылмыскер әрқашан қараусыз, жалғыз жүрген балаға назар аударады.
- Егер біреу балаңызды алуға тырысса, «Бұл менің анам емес!» немесе «Бұл менің әкем емес!» деп қатты айқайлау қажеттігін үйретіңіз. Бұл айналадағылардың назарын аударып, қылмыскерді үркітеді.
- Егер жоспарлары аяқ астынан өзгерсе, балаңызға қайда баратынын, қашан келетінін хабарлауды және телефон арқылы ескертуді үйретіңіз.
- Балаңызды бала бақшадан немесе мектептен өзіңіз алып кетіңіз. Егер оны алып кетуге басқа біреу баратын болса, бұл туралы тәрбиешіге немесе мектеп мұғаліміне алдын ала ескертіп қойыңыз.
- Күдікті қарайтын немесе жақындағысы келетін бейтаныс адамнан қашуға, көмекке шақыруға дайын болу керектігін түсіндіріңіз.
- Егер бейтаныс адам қолдарынан ұстаса, қолдарына алса, көлікке кіргізсе, «Бөгде адам, көмектесіңіз!» деп қатты айқайлап, айналадағылардың назарын аудартуды үйретіңіз.
- Балаңыз өз басынан өткендердің барлығын жасырмай айтып беретіндей жайлы ата-ана болу керек. Сіздің әрқашан оны жақсы көретініңізге және ол жоғалып кетсе іздеуді ешқашан тоқтатпайтыныңызға балаңыз сенімді болуы керек. Балаңызбен түсіністік пен сенімге толы қарым-қатынас құра біліңіз. Көбіне, үйінде мейірімділік жетіспейтін балалар қайғылы жағдайларға ұрынып жатады.
ПАМЯТКА
ДЛЯ РОДИТЕЛЕЙ
ПО ОБЩЕНИЮ С НЕЗНАКОМЦАМИ
- Научите вашего ребенка говорить «НЕТ» любому взрослому, если он почувствует исходящую от него опасность, в том числе в социальных сетях. Не брать сладостей, игрушек, домашних животных и т.д. от незнакомых
- Придумайте пароль для вашего ребенка и научите не садиться в автомобиль к незнакомому человеку и не уходить с ним если он не знает пароль.
- Убедите вашего ребенка в том, что гулять в компании гораздо безопаснее. Злоумышленнику всегда легче подойти к ребенку, если он гуляет один.
- Научите своего ребенка громко кричать «Это не моя мама!» или «Это не мой папа!», если кто-то попытается схватить его. Это привлечет внимание окружающих и отпугнет преступника.
- Научите вашего ребенка сообщать вам, куда он идет, когда собирается вернуться и предупреждать по телефону, если планы неожиданно изменятся.
- Забирайте ребенка из детского сада или школы сами. Если за ним придет кто-то другой, предупредите об этом воспитателя или школьного учителя.
- Уйти от незнакомца, который подозрительно смотрит или хочет приблизиться, нужно быть всегда готовым позвать на помощь.
- Если незнакомый человек хватает за руку, берет на руки, затаскивает в автомобиль, уводит куда-либо, надо громко кричать, призывая на помощь и привлекая внимание окружающих: «На помощь, помогите чужой человек!».
- Будьте такими родителями, которым ребенок сможет рассказать обо всем, что с ним случилось. Ребенок должен быть уверен в том, что вы всегда будете любить его, и не перестанете искать, если он потеряется. Постройте с ребенком теплые и доверительные отношения. Часто в беду попадают именно те дети, которым дома не хватает понимания.